ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған CALL Орталыққа бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен қоңырау шалып, өздерін толғантқан тақырыптар төңірегінде ақыл-кеңес алуға асыққандардың саны күн санап көбейіп келеді.
Елордамыздың ең білікті дін мамандарынан жасақталған CALL Орталыққа келіп түскен қоңыраулардың барлығы арнайы таспаға жазылып, бұдан бөлек жазбаша түрде сұрақ мәтіндері «Сұрақ кітапшасына» тіркеліп отырады.
Осы орайда CALL Орталық қызметкерлері ашылғалы бері 813 сұраққа жауап қайтарып, өз қызметтерін қалтқысыз атқарып келген. Бір ай ішіндегі көрсеткіштерді сараптай келе сұрақтардың көбісі құлшылық қағидаларына, жанұялық мәселелерге, несие-қарыз тақырыбына, теріс ағымдарға қатысты келіп түскені анықталған.