Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бастаған біртоп өнер өкілдерін қабылдады.
Кездесуде театрдың руханият саласында атқарып жатқан жұмыстары сөз болды. Мадияр Серікбаев ұжымның алдағы игі іс-шаралары мен жоспары жайлы баяндап берді.
«Театр – адамның таным көкжиегін кеңейтіп, мәдениетін арттыратын өнердің үлкен бір саласы. Сіздер осы салада асыл дініміздің баға жетпес құндылықтарын жан-жақты насихаттап келесіздер. Сонымен қатар, мүфтияттың жыл сайын ұйымдастыратын Мәуліт кешінде ғибратты қойылым жасап, қаншама адамдардың жүрегіне ізгіліктің дәнін ектіңіздер. Бұл – үлкен сауапты іс. Алла жұмыстарыңызға береке берсін», – деп жылы лебізін білдірді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Басқосу барысында өнер өкілдері Бас мүфтиге көкейде жүрген сауалдарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.
muftyat.kz