Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нариман Ермекұлы: Көркем мінез – мұсылман сипаты!

0 1  917

Астана /21-наурыз /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ Астана өкілдігінің тапсырмасы аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен Қасиетті Ережеп айының құрметіне мешітімізде ауызашар берілді. 

Хадис шәрифте: Айша (Алла оған разы болсын): Хазрет пайғамбарымыз (с.а.с) былай айтты: «Я, Алла тағалам! Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!» – деп дұға ететін деді.

Осындай игі істің негізінде, Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нариман Ермекұлы бейсенбілік ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа «Көркем мінез  – мұсылман сипаты» атты тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Мешітімізде дәстүрлі түрде бейсенбі күндері тұрақты түрде ақшам намазынан кейін  ауыз бекіткен мешіт жамағатына арнайы ауызашар беріліп келеді.

Аталмыш ауызашар уағызында имам Нариман Ермекұлы әуелі Ұлыстың ұлы күні Әз-Науырыз мейрамымен жиналған жамағатты құттықтай келе, жаңа тағайындалған Нұрлан Бекболатының қызметіне толағай табыстар тіледі. Қасиетті Құран аяттарында жаратушы Хақ Тағаланың адамзатқа жіберген аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өсиеті хадистерден дәлелдер келтіре отырып, жасаған құлшылығымызды шынайы көңілмен және жауапкершілікпен атқару керектігі жөнінде айтты.

«Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс-әрекетінде әдепті болу, жақсы атқару, тіпті талас-тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау, сондай-ақ соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару», – деді исламтанушы Нариман Исенов.

Сондай-ақ, уағызға 100-ге жуық жамағат жиналды. Жайылған дастарқанға ақсақалдар ақ батасын беріп, Құран оқылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.