Былтыр РАНТ құрамында 28 маман жұмыс істеп, еліміздің түкпір-түкпірінде 250-ге жуық жалпы кездесу өтсе, 150 жеке кездесулер өткен. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, биылдан бастап РАНТ мүшелерін екі есеге арттыру жоспарда бар.
ҚМДБ орталық аппаратында Республикалық ақпараттық насихат тобының жалпы жиналысы өтті. Жиын барысында РАНТ мүшелігіне үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап берді.
Related Posts
“Қазір еліміздің дін саласын отандық мамандармен толық қамтамасыз етіп отырмыз әрі шетелде білім жетілдіруге тәуелді емеспіз. Өйткені, іргелі білім ордасы «Нұр-Мүбәрак» университетінде 1300-ден астам, барлық медресе-колледждерде 2000-ға жуық шәкірт тәрбиеленіп жатыр. Мемлекеттің қолдауымен шәкірттеріміз медреседен кейін бакалавр, магистратура, докторантурада оқуға мүмкіндік алып отыр. Соның нәтижесінде РАНТ мүшелерінің қатарын екі есеге арттыру ойда бар, маман тапшылығы жоқ”, — дейді ол.
kazislam.kz