Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ілім алу – тал бесіктен жер бесікке дейін

0 2  660

2-мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі ақсақал шәкірттер діни сауат ашу курс емтиханын сәтті тапсырды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, мешітімізде сауат ашу дәрістері жалғасуда. Атап айтқанда, ақсақалдар, оқушылар, әйелдер жамағаты және күндізгі, кешкі ересектерге арналған аптаның әр күндерінде (бекітілген кесте бойынша) дәрістер жүргізіліп келеді.

Алла Тағаланың Құранда түсірген бірінші аяты  «Оқы!» деп келеді, сондықтан Ислам дінінде оқуға, білім алуға  үлкен мән берілген. Сондай-ақ Құранда ілім алуды насихаттайтын көптеген аяттар кездеседі, солардың бірі: «Оларға айт, білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма? Білетін адам әлбеттеқадірлі.» (Зумәр 93)

Білім алуға байланысты Пайғамбарымыздың хадистері де жетерлік.  «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйренуге тырысыңдар!» (Шира) деген хадиске амал еткен ақсақалдар «Құран әліпесі», «Пайғамбар өмірбаяны» (Сияр), «Хадис», «Ғылмыхал», «Иман негіздері» дәрістері бойынша білім алып шықты. Сауат ашу курсын тамамдаған 20-ға жуық ақсақал «Ислам негідері және иман шарттары» дәрістерінен емтихандырын сәтті тапсырды.

Іс-шара аясында ақсақалдар еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тыныштығы үшін өмірін берген ғазиз жандардың, өмірден өткен барша мұсылмандардың рухына Құран оқып сауабын бағыштады.

Алладан елімізге амандық, халқымызға мол ырыс-несібе, жерімізге тыныштық тіледі. Сондай-ақ, жыл бойы ұстаздық жасап келе жатқан наиб имамдар мен ұзтаздарға ақ батасын беріп, ризалықтарын білдірді. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.