Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«QMDB halal»: «Курочка ряба» құс фабрикасы тексерілді

0 834

«QMDB halal» сертификатын алған барлық кәсіпорындарда кезекті және кезектен тыс тексеріс шаралары жүргізіліп, нәтижесі тұтынушылар назарына ұсынылып отырады. Осы жолғы бақылау-қадағалау «Курочка Ряба» құс фабрикасында жүргізілді. Тексеріс шараларын “Халал Даму” технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев орындады.

“Қазақстанда өнеркәсіптік құс өсіру қазіргі кезде мал шаруашылығының неғұрлым дамыған салаларының бірі. Республикада құс еті мен жұмыртқасын өндіру көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Алайда, шариғат және халал стандарт талаптарына сай өндірісін айналдырған құс фабрикалар саны саусақпен санарлық.  Қазіргі таңда «Халал Дамудың» бақылауында 20-дан астам жуық құс фабрикалары бар. «Халал» таңбасының жүгі мен жауапкершілігін түсінгендіктен, өзіміз сертификаттаған кәсіпорындарда ай сайын аудит шараларын жүргізіп тұрамыз. Бүгінгі бақылау-қадағалауды Ақмола облысы Целиноград ауданы, Ақмол ауылында орналасқан, бройлерлік құс еті мен шұжық өнімдерін өндіретін «Курочка Ряба» құс фабрикасында өткіздік. Себебі, «Курочка ряба» еліміздің солтүстік өңірін құс еті  өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған, ірі құс фабрикасының бірі. Тексеріс барысында құстарды баптап-өсіруде қолданылатын жем-азықтың тазалығы, қасапшылардың шариғат және стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздауы, шұжық цехындағы өндірістің бекітілген талаптарға сәйкестігі қадағаланды”, – дейді айлық тексеріске қатысқан Данияр Бақзейнелұлы. 

Мамандар жүргізген бақылау-қадағалау шаралары оң нәтиже көрсетті, “Курочка Ряба” құс фабрикасы мен шұжық цехында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

halaldamu.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.