Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешіті әйел шәкірттерге сертификат табыстады (ФОТО)

0 1  693

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсының оқу бағдарламасын тәмамдаған әйел шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Шара шымылдығын ашқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жиналғандарға білім-ғылымның дәрежесі жайлы айта келіп, бүгінгі жетістікке қол жеткізіп отырған барша шәкірттерге құттықтау лебізін білдірді.

Оқу-білімнің ордасына айналған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің имамдары мен ұстаздарының қажырлы еңбектерінің арқасында жыл сайын бұл жерден 250-ден астам жан діни сауатын ашып, қасиетті Құран Кәрімді түпнұсқасынан еркін оқитын дәрежеге жетеді.

Мешітіміздің ұстазы Айгүл Көксегензысы, шәкірттердің білім деңгейін сараптау мақсатында І және ІІ дәрежелі сертификат дайындағандықтарын айтты. Бұл сатылай білім беру жүйесі шәкірттердың құштарлығын оятып, ынталандыра түсетіні сөзсіз, екендігін жеткізді.

Бүгінгі салтанатты шара барысында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің 33 әйел шәкірттері Бас имам Нұрлан Рамазанов және  ұстаз Айгүл Көксегенқызының қолынан сертификат алды. Білім жолындағы ізденістің ешқашан кеш болмайтын дәлелдеген апа-әжелерімізден бастап,  оң-солын енді ажырата бастаған қарындастарымыз үшін бүгінгі күннің орны ерекше болды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.