Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ғылмани» мешітінде 100 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді (фото)

0 2  211

Алла Тағала өзінің жолында мұқтаж жандарға қол ұшын беретін жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді дейді дінімізде. Дархандық, жомарттық, қайырымдылық қазақ халқының бойына сіңген қасиет.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде бастау алған «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қасиетті Рамазан айының 4-ші күні мешітке келіп өтініш берген  көп балалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар және мүгедек  т.б әлеуметтік жағдайы төмен 100 жанұяға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен  отбасылық азық-түлік пакеті үлестірілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) табысталды.

Мұндай қайырымдылық акциясы, естеріңізге сала кетейік, ораза басталған күні «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акциясы бойынша 20 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілген болатын. Содай-ақ, Бас имам Нұрлан Бекболатұлы «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайрымды да жомарт жандардың аталған шараға атсалысуыға шақыратынын жеткезді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараның Рамазан айында берілуі ораза құлшыдығымызды атқаруға септігін тигізері дей келе, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.