Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Шымкентте ауызашар берді (ФОТО)

0 1  467

Шымкент қаласындағы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Ақшам намазынан соң жамағатқа айқара ашылған берекелі дастархан басында Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Абдрахимов бастаған елімізге танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала мешіттерінің жамағат қариялары, т.б. азаматтар қатысты.

Берекелі рамазан дастарханы аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды уағыздар айтылды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ауызашар дастарханына жиылған жамағатқа өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған қасиетті рамазан айымен құттықтап өтті.

«Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Берекелі айда әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Осы ретте барша жамағатты қайырымдылық іс-шараларға белсенді атсалысуға, көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың батасын алып, алғысына бөленуге, жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасауға шақырамын», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Сондай-ақ, берекелі һәм мерекелі ақ дастархан басында Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Абдрахимов өзінің және қала халқының атынан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлына алғысын білдірді. Ауызашар дастарханына 450 адам қатысып, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.