Жүрекке жылулық пен қуаныш сыйлаған шараға наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтар қатысты.
Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Баршаңызды рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан – бауырмашылдық, жақсылық айы. Біздің мақсатымыз – қасиетті айда әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Алла Тағала сіз бен біздің қуанышымызды арттырып, өзінің мейірім-шапағатына бөлегей», – деп атап өтті.
«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың мәлімдеуінше, тұрғындарға берілген сыйлықтар ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті ауқымды түрлі азық-түліктер бар. Қажетті азық-түліктер дін қызметкерлерінің пітір садақасы есебінен алынды. Мұндай шара тұрақты түрде жүзеге аса бермек.
ҚМДБ баспасөз қызметі