Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қасиетті кеште Хатым дұғасы оқылды (ФОТО)

0 2  084

Екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз – Мұхаммед саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің сүннетіне сай Рамазан айындағы жамағатпен оқылатын Тарауық намазында Құран Кәрімді хатым ету – ел мешіттерінде үрдіске айналған игі істердің бірі.

Бас имам Нұрлан Рамазанов жиналған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті һәм бұл түнді қалай өткізу керектігі жөнінде тағылымды уағыз айтты. 

Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша, Рамазан айының басынан бері күнделікті Тарауық намаздарында қари Елсейд Мұхаммед Ахмет Мұхаммед пен «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, қари Қайырбай Дәукенұлы Құран хатым оқып келген болатын.

Хатым дұғасын қари Елсейд Мұхаммед Ахмет Мұхаммед мейманымыз жасаса, мешітіміздің наиб имамы Рахматулла Байменов Жаратқаннан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бақ-береке, азаматтарымызға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, егемендігіміздің Қияметке дейін жалғаса беруін тіледі.  

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.