Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Айттық» қайырымдылық акциясы

0 1  759

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп білген бабаларымыздың орамды оймен өрілген өнегелі сөздері, жылағанды жұбатып, жетімге пана болар жайсаңдық сипатын еске түсіріп, жомарттығы жүректен жол тартқан елордалық нәзік жандар  «Айттық» қайырымдылық акциясын өткізді.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жанынан құрылған «Аналар мектебінің» ұстазы Айгүл Көксегенқызының  ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған он отбасының мекен жайына азық-түлік пакеттерін «Аналар мектебінің» ұстаздары мен шәкірттері тарапынан жеткізілді. Қайрымдылық пакетте (ұн, май, вермишель, күріш, қарақұмық, құрма, шәй, тәтті күлшелер, көкөніс пен жеміс-жидектер) айттық дастарханға және күнделікті ас-ауқатқа қажетті барлық азық-түлік қамтылған.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының ұстазы Айгүл Көксегенқызы алдағы уақытта қайрымдылық шаралардың жалғасатындығын жеткізді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараның Рамазан айтының қарсаңында берілуі жанұямызда айт қуанышының сезілуіне септігін тигізетіні сөзсіз екендігін айта келе, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.