Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арыстағы жарылыс салдарынан адасқан балаларды қайдан іздеуге болады

0 1  848
Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайда адасқан балалардың суреті облыстық әкімдік сайтына жарияланып отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында тікелей эфирде өткен баспасөз брифингінде айтты.

«Тек соңғы бір сағатта 1616 адам эвакуацияланды. Әрине, ата-анасынан көз жазып қалған кішкентай балалар бар. Барлық жинау бөлімдері бойынша,  Шымкенттің барлық аудандарында арнайы жұмыс тәртібін ұйымдастырдық. Адасқан балалардың фотосуреті Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына салынып отырады. Бұл арқылы баласымен қауышып жатқандар бар. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», – деді әкім. 

Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.

Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.  ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.  

Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді.  Түркістан облысының ауруханаларына 31 адам түсті. 

www.inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.