Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арыстағы жарылыс: Шұғыл желі жұмыс істей бастады

0 1  494
Арыс болған жарылысқа байланысты шұғыл желі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласының ТЖД тұрғындар үшін қауырт желі ашылғанын хабарлады. «Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде таралған видеода Арыстағы жарылыстың салдарынан тұрғындар үдере көшіп жатқаны айтылады. Онда Арыстың айналасындағы ауыл тұрғындары да қалаға қарай ағылып, жолдарда көліктер көбейіп кеткен соң, жол патрульдік полицейлері көлік қозғалысын реттеуге көшкен. Себебі, Арысқа қарай жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндіру қызметі көптеп жіберілуде.

www.inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.