Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Иман» журналының жаңа саны

0 1  377
Құрметті оқырман!

Басылымның тамыз айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Құттықтау» айдарымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің Құрбан айт мерекесіне арнаған «Құрбан айт – ұлық мереке» деген мақаласымен ашылған. «Қазақстан қазилары» айдарымен «Жақия қажы Бейсенбайұлы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Әмеңгерлік», «Тәпсір» айдарымен ««Мумтахина» сүресі», «Пәтуә» айдарымен «Тағам құрамындағы қоспалардың үкімі», «Уәжіп» айдарымен «Құрбандық шалу – берекетке себеп», «Парыз» айдарымен «Қажылығыңызды өтеңіз», «Білгенге маржан» айдарымен «Зәмзәм суы», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Марқұм ата-анамның атынан құрбандық шалуға бола ма?», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Дүние-мүлкін қорғап өлген – шейіт», «Ахлақ» айдарымен «Ұят – тамаша нығмет», «Даналық» айдарымен «Бестік бап», «Уағыз» айдарымен «Құлшылыққа құлшыныс», «Бата» айдарымен «Сүйінбай Аронұлы», «Тағылым» айдарымен «Алланың назарынан тыс қалған пенде», «Тақуалық» айдарымен «Саңырау Хатәм» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Насихат» айдарымен «Ерлі-зайыптылардың міндеттері», «Cіз білесіз бе?» айдарымен «Ауырғанда неге тамақ жемеген дұрыс?», «Жәдігер» айдарымен «Кәделі сыйлық», «Таным» айдарымен ««Ниетің қара болмасын»», «Ақырзаман белгілері» айдарымен «Уақыттың жылдам өтуі», «Тағдыр тәлкегі» айдарымен «Орыстанған түркі қандастар», «Біле жүріңіз» айдарымен «Садақа дұғаның қабыл болуына дәнекер», «Мәселенің мәнісі» айдарымен «Адамның тегі маймыл ма?», «Баланы жастан» айдарымен «20 жылғы өзгеріс», «Данадан үйрен» айдарымен «Алты шаңырақ», «Тарихи тұлға» айдарымен «Тұрсын хан», «Адасқан ағым» айдарымен «Балаларынан жалтарған сәләфит», «Намыс» айдарымен «Қалай бай боламыз?», «Абайла да сақтан!» айдарымен «Ғайбат айтпа!», «Шипа Алладан» айдарымен «Сырқаттан сақтану дұғалары» деген танымдық мақалалардың да өз оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда «Иман» журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады.

Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі ұялы телефон арқылы жүзеге асады:

+7 778 948 7410

+7 700 110 0637

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.