Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

26 қыр 2019 1 869 рет оқылды
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласында өткен "Ислам жаһандық әлемде: Мұсылман мирасы мен мәдениетаралық диалог" атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.
"Біз, дін қайраткерлері сындарлы сәттер мен сын-сағаттарда бір-бірімізге көмекші болуымыз керек. Алла Тағала баршамызды осындай берекелі басқосуларда кездестіріп, игі де ізгі істің басы-қасында болуды жазғай! Жаратушы Иеміз Құранда бұйырғандай, жақсы істе, тақуалықта бір-бірімізге көмекші болуды нәсіп еткей!" - деп атап өтті.

Конференция жұмысына қазақстандық делегация тарапынан ҚМДБ Төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

 ҚМДБ баспасөз қызметі