«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осымен үшінші рет ұйымдастырған республикалық имамдар форумы – тарихи шара болды деп атар едім. Бұл жолы өткен форумның мазмұндық деңгейі жоғары болғаны мінберде сөйлеген азаматтардың ниетінен байқалды. Өйткені, бұл айтулы басқосуға Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтау хатын жолдап, ізгі ниетін білдірді.
Қай кезеңде де рухани құндылықтар – қоғам тірегі. ІІІ республикалық имамдар форумы «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» деген тақырыпты арқау етті. Бұл – бүгінгі заман үшін аса маңызды тақырып.
Рухани құндылықты әр адам өз санасына сіңіруі қажет. Ол адам бойында көрініс тапса оның санасы өзгереді. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзінің мазмұнды баяндамасында: «Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам түзеледі. Пенденің бойындағы иман-сенім – барша жамандықтың қалқаны», – деп атап өтті. Иә, сана өзгермейінше, адам өзгермейді. Санада революция болу керек», – деп атап өтті Әділ Құрманжанұлы.
ҚМДБ баспасөз қызметі