Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 ж. 12 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:29
Күн 05:57
Бесін 12:12
Ақшам 18:16
Құптан 19:43
Жаңалықтар

Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)

9 қаң 2020 1 624 рет оқылды
Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)
9 қаңтар.  Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді. Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс». Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.
#Инабат #қыз-келіншектер клубы