14 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында бұрынғы Бас мүфтилерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды mufyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.
Серікбай қажы Ораз бұрынғы жылдары Бас мүфти қызметін атқарған – Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлымен кездесіп, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай дін қайраткерлерінің иығына шапан жапты.
Серікбай Сатыбалдыұлы еліміздің игілігі мен бірлігіне, Ислам дінінің дамуына сүбелі үлес қосқан мүфтилерге алғадай алғысы мен ізгі тілегін жеткізді.
Кездесуде мүфтилер мүфтияттың қызметін жаңғырту жолындағы жобаларды талқылады. Сондай-ақ, ширек ғасырдан астам кезеңге қадам басқан ҚМДБ бастамаларына сәттілік тіледі.