Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дінтанушы ғалым: Жат ағымның арбауы үш сатыдан тұрады

0 1  359

15 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Дінтанушы ғалым, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исахан жат ағым өкілдерінің адамдарды арбауы үш сатыдан тұратынын айтты, деп хабарлайды kazislam.kz  сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Біріншісі – ерітіп, балқыту, екіншісі – санасын өзгертіп, өздеріне бейімдеу, ал үшіншісі – өз қалыптарына салып, қатырып тастау» – дейді ғалым.

Мұхан Исаханның айтуынша, «әуелі, жат ағым өкілдері нысанаға алған адамына ерітіп, балқытатын түрлі уағыз-насихат айтады. Ол үшін Құран аяттарын, Алла Елшісінің (с.ғ.с) өсиеттерін, сахабалардың өнегелерін, одан кейінгі ірі ғұламалардың тағылымдарын құрал ретінде пайдаланып бағады. Балқыды-ау дегенде ыңғайына қарай тартып, өздеріне бейімдей бастайды. Мысалы, Ибн Тәймияның постулаттарын санасына құйып, өз идеологияларын өткізуге барын салады. Бейімделіп болды-ау дегенде өз қалыптарына салып, Ибн Баз, әл-Фаузан, әл-Усаймин, әл-Албанидің шархтарымен тұздықтап, біржолата мұз етіп, қатырып тастайды.Ал, сосын теологтар жат ағымның жетегіне ерген адамның тоң болып қатқан санасын жібітумен шұғылданады. Шіркін, адамдарды жат ағымның өкілдері емес, алдымен өз имамдарымыз уағыз айтып ерітіп, балқытса, теологтар сан-сапат жұмысқа жегілмес еді-ау…» дейді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.