Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Молдаларға дін рәсімді жүргізу туралы семинар өтті (ФОТО)

0 1  242

4 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мешіт молдаларына арналған арнайы семинар өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Молдаларға діни рәсімдерді сауатты жүргізіп, сапалы қызмет етуді насихаттау мақсатында арнайы семинар өткізілді.

Семинарға арнайы қатысқан бас имам Бауыржан Есмахан алғы сөз сөйлеп, семинардың маңызына тоқталып, діни рәсімдерді дәстүрлі Ислам құндылықтарына сай ҚМДБ-ның пәтуалары мен бағыт-бағдарлары бойынша жүргізуді мәнінен тоқталды.

Семинар аясында наиб имамдар Әділ Агитаев, Рахметолла Байменов, Оңғар Хайридинов пен мешіт ұстаздары Серікбол Хаман, Нұриддин Кулер тақырыптық баяндама жасады.

Баяндамашылар молдаларға «Рухани жеті қазық» тұғырнамасының маңызы», «Уағыз-насихат айту әдістемесі», «Құранды дұрыс оқу тәртібі», «Пәтуаның жауапкершілігі» сияқты тақырыптарда баяндама жасап, хикметпен жеткізу, өз бетінше пәтуа беруден сақ болу, сұрақ туындаған жағдайда ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің арнайы орталығына (Call center) хабарласу туралы келелі кеңестерімен бөлісті.

Сонымен бірге семинар соңында мешіт ұтсазы, қари Нұриддин Кулер молдалар қауымның қирағатын тексеріп, Құранды оқу мәнерін де қадағалады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.