Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға конкурс жарияланды

0 1  367

5 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылықпен айналысуға ниетті фирмаларға конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның жұмыс делегациясы ағымдағы жылы қажылық маусымының ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша Сауд Арабия Королдігі Қажылық және умра министрлігі басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, 2020 жылы Қазақстан Республикасы үшін 3 000 қажыға квота алды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында КОНКУРС жариялайды.

Төмендегі ТАЛАПТАРҒА сәйкес фирмалар басымдылыққа ие болып табылады:

Халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болуы;

Діни туризмді ұйымдастыруда тәжірибесінің болуын айғақтайтын құжаттардың болуы;

Туроператорлық қызыметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензиясының болуы;

Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;

ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты, әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайты жайлы ақпарат).

Аталған құжаттар 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік фирмалардың ұсыныстары қаралмайды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.