Бір күні Баязит Бистами әулиеден:
«Лә иләһа иллаллааһ» – жәннаттың кілті»,- деген хадисті қалай түсінесіз?»,- деп сұрайды. Сонда әулие былай деп жауап береді:
– Хадис – сахих. Бірақ сол кілттің тістері болмаса, ашылмайды. Жәннаттың кілті болған – «Лә иләһа иллаллааһ (Алладан басқа тәңір жоқ)» сөзі болса, мына төрт нәрсе соның тістері:
1.Жалған және ғайбат айтпаған тіл,
2.Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек,
3.Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан,
4.Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал»,- деп жауап беріпті.
Қуат Қабдолла
sunna.kz