Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

100 отбасына азық-түілік таратылды (ВИДЕО+ФОТО)

0 1  164

14 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды  sunna.kz тілшісі.

Бүгінде ел мешіттері халық қажетіне сәйкес қайырымдылықтың алуан түрлі формаларын ұйымдастырып келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қаладағы тарихы ең ұзақ, күнделікті бес уақыт намазға келуішелері көп, халық жиі қоныстанған аумақта орналасқандықтан қайырымдылыққа мұқтаж жандар да аз емес. Сондықтан да мешітімізде қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылғы мен көрнекті діни қайраткер Сәдуақас қажы Ғылманидің 130 жылдық мерейтойына орай қасиетті жұма күні мешіттің ұйымдастыруымен ірі көлемді қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан бас имам Бауыржан Есмахан көмек алушыларға қайырымдылықтың мәні мен маңызына тоқталып, асыл дініміздің арда құндылықтары жайында баяндап беріп, азық-түліктерді өз қолымен табыстады. Сонымен бірге демеушілік жасаған азаматтарға мешіт ұжымы атынан алғыс білдірді.

Шара аясында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыған 107 отбасына күріш, сумай, макарон сияқты азық-түлік таратылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.