Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Зекет қорының директоры жұма уағызын айтты (ВИДЕО+ФОТО)

0 1  148

14 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет» кайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Қор директоры, белгілі исламтанушы Талғат Омаров мешітке келген жамағатқа «Мешіт әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Уағыз барысында мешіт әдебі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, мешітке кіру, намаз күтіп отыру, уағыз тыңдау барысындағы әдептермен қоса, намаз әдебіне, киім кию этикасына қатысты бірқатар мазмұндарға да жеке-жеке тоқталды. Жұртшылықтың құлшылығына пайдасы тиетін Ислам дініндегі әдеп тақырыбына қатысты көптеген мағлұматтармен бөлісті.

Сонымен бірге жалпы жамағат арасында күнделікті ұшырасып жататын мешіттің әдебіне жатпайтын әдеттерге қатысты да ой қозғап, жұмаға келушілердің көкейіне қонымды насихат айтты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.