Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы алғыс хатпен марапатталды (ФОТО)

0 644

19 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі екі ел арасындағы әлеуметтік маңызы бар байланыстарды дамытуға зор үлес қосқан стратегиялық серіктестерін алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырза Бас мүфтиге елшілікпен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін арнайы алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ шарада БАӘ-нің келер жылы толатын 50 жылдық мерейтойына дайындығы, экономикалық-әлеуметтік жетістіктері жайлы баяндалды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.