Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақтөбе өңіріндегі игі жобалар жоспары талқыланды (ФОТО)

0 981

21 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысында оқу-ағарту бағыты бойынша жүзеге асатын жобаларды талқылау үшін арнайы жұмыс тобымен кездесті, деп хабарлайды ummet.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, Ақтөбе облысы Дін істері басқарма басшысы Әлібек Жәнібекұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков қатысты.

Басқосуда бас имам Төлеби Дәділұлы өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Өз кезегінде сөз алған Әлібек Жәнбекұлы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Бас мүфтиге жолдаған құттықтауы мен игі тілегін жеткізіп, жергілікті әкімдік тарапынан қолға алынған игі шаралар туралы атап өтті.

Кездесуде «Ақтөбе» медресе-колледжі ғимаратының кешенді құрылыс жобасы кеңінен талқыланып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Медресе-колледж директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков жаңа ғимараттың құрылыс жобасымен таныстырып, атқарылған іс-шаралардың есебін баяндады.

«Ақтөбедегі діни ахуал – әрқашан менің назарымда. Деструктивті діни ағымның жетегімен кеткен жастарға түсіндіру шараларына қатысты кешенді жұмыс жоспарын қабылдауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты нақты ұсыныс беріңіздер. Жұмыс нәтижелі болу үшін жеке түсіндіру шараларын тоқтатпауымыз тиіс» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы жұмыс тобына нақты тапсырмалар берді.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.