Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Министр балабақшалардың жұмысы қалай болатынын айтты

0 1  360

12 науыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың әдеттегі режимде жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. тілшісі.

“Балабақшалар туралы айтатын болсақ. Бүгін сіздер елімізде коронавирус тіркелмегенін естідіңіздер. Сондықтан балабақшалар жұмысын жалғастырады. Коронавирус жағдайы тіркелетін болса, қажетті шаралар қабылданады”, – деді Аймағамбетов.

Мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз – 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. “Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік”, – делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.