Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Төтенша жағдай: Азық-түлік дүкендер жұмыс істей ме?

0 1  460

16 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды, – деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

“Елімізде төтенше жағдай жариялануына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Сауда-ойын сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне қатысты мәселені әкімдіктерден нақтылап жатырмыз. Себебі, бұл мәселеге қатысты шешімді әрбір әкімдік өзі қабылдайды. Алайда жеке азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді”, – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, министрлік Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда орнының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін екенін жеткізді.

“Шектеулер қойылуы ықтимал. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Артем” сауда үйі жабылуы мүмкін. Алайда оның бірінші қабатындағы азық-түлік сататын орын жұмыс істейді”, – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеген болатын.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.