Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешіті 225 отбасыға азық-түлік таратты (ФОТО)

0 1  339

29 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Елордамыздағы тұрмысы төмен 225 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Рамазан – қайырымдылық айы екенін тілге тиек еткен Бас мүфти бүгінгі шараға оң бағасын беріп, жалғасты болуын тіледі.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап келе жатқан «Gentlemen`s club» белсенділер тобының мүшелері және әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов пен «Синергия» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев та қайырымдылық шарасынан басынан табылып, қасиетті айдағы сауапты іске өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, азық-түлік қоры салынған қайырымдылық пакеттерін тізімдегі жандардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп беру жұмыстарын өкілдік қызметкерлері мен Бас мешіт жанынан құрылған «Sharapat» еріктілер орталығының мүшелері ұйымдастырып келеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.