Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Уағыз-насихат жұмыстары онлайн түрде жүргізіліп келеді

0 773

30 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мешітімізде төтенше жағдай режимінде уағызыдар мен сабақтар онлайн түрде жалғасуда, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти бастамасымен ел мешіттерінде төтенше жағдай кезіндегі уағыз-насихат жұмыстары онлайн түрінде жүргізілуде.

Бас имам ҚМДБ бастамасына атсалысқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан уағыз-насихат жұмыстарын онлайн түрде жасап келеді.

Қашықтықтан жасалған насихат барысында ресми және еркін форматтарда онлайн түрде түрлі уағыз-насихат шараларын жалғастыруда. Айталық, имам ән-Нәуәуидің «40 хадис» кітабы бойынша да тұрақты түрде онлайн дәріс жүргізіп келеді. Өз жеке парақшасында еркін форматта да онлайн сұхбаттар мен сұрақ-жауаптар жүргізумен қатар, оңалту орталықтары, журналистер, діни парақшалардың ұсынысы бойынша тікелей эфир қонағы ретінде тағылымды істерге атсалысып, қасиетті айдағы насихат жұмыстарын жандандыруда.

Осылайша, бүгінге дейін 10 мыңға жуық көрерменге түрлі форматта уағыз-насихат жұмыстары жасалды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.