Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы: Оразада онлайн хатым оқылады (ФОТО)

0 844

21 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz инстаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарымен күнделікті «Батамен ел көгерер» атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Тікелей көрсетілім «24 Хабар» телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube, Facebook желісіндегі парақшаларында өткізілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.