Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти дін қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білуді міндеттеді

0 834

7 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды,  деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти бұйрығы бойынша ҚМДБ қызметкерлері, республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді. Одан бөлек ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет.

Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.