Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Call-орталық жұртшылық сауалын жауапсыз қалдырмайды

0 814

13 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Рамазан айы басталғалы ҚМДБ-ның Call-орталығында тыным жоқ. Тәулік бойы жұмыс істейтін орталықтың 33-30-30 нөміріне күніне бірнеше қоңырау шалынады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Орталық мамандарының айтуынша, ораза айы кіргелі 722 қоңырау шалынған. Тұрғындардың 120-сы – Рамазан айына,  228-і – құлшылыққа, 86-сы – отбасылық, 7-сі – діни ағымдар, 53-і – несие-қарыз, сауда-саттық, қалған 228-і әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша қоңырау шалған.

Сол секілді орталықтың әлеуметтік желілері арқылы 618 сұрақ қойылды. Оның 336-сы – Рамазан айы, 127-сі – құлшылыққа қатысты, 2-еуі – теріс ағымдар туралы, 11-і – несие-қарыз сауда-саттық жайлы, 128-і басқа да тақырыптар бойынша сұрақ қойған.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен наурыз айында ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықтың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.