Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Qazaqstan» ұлттық арнасы қадір түнінде хабар таратты

0 1  059

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы екінші жыл қатарынан Қадір түнінен тікелей трансляция жасады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ат басын тіреген ұлттық арнаның көшпелі студиясы екі жарым сағат тынбай хабар таратты. Мемлекет, қоғам қайраткерлері, дін мамандары, әдебиет және өзге сала өкілдері қонақ болған хабарда ізгі тілек те айтылды, танымдық ақпарат та берілді.

Бұдан бөлек, ұлттың үні болған «Qazaq radiosy» да Қадір түнінің құрметіне сағат 18.10-нан бастап әуе толқынында арнайы хабар таратқанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Рамазан айы басталғалы күн сайын тікелей эфирде «Ораза қабыл болсын» бағдарламасын көрермен назарына ұсынып келеді. Бағдарламаға ҚМДБ мамандары қатысып, көрерменнің сауалына жауап беріп жүр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.