Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қала көшелеріндегі ерекше баннер (ФОТО)

0 1  032

23 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мұсылмандардың ұлық мерекесі Ораза айттың құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда көшелеріне мерекемен құттықтаған арнайы баннерлер қойылды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

24 мамыр күні еліміз бойынша Ораза айт мерекесі басталады.

«Ораза айт қабыл болсын!» деп жазылған республикалық «Әзірет Сұлтан» және елорданың «Нұр-Астана» мешіттері бейнеленген мұндай құттықтау баннерлерді қаламыздың барлық бұрышынан кездестіруге болады. Бұл да болса елордалық тұрғындарының еңсесін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ерекше қадам болды.

Келе жатқан Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.