Елордасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.
«Қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – барша қазақстандықтардың ауызбіршілігі мен татулығын, мейірімділігі мен жанашырлығын одан сайын еселете түсетін берекелі мереке. Осы қасиетті мерекеде жасаған игі істеріңіз қоғамның өркендеуіне үлесін қосып, еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының кепілі болатыны анық.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!» делінген құттықтау хатта.