Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

0 1  003

12 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде дәстүрлі  қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Отбасы – Отанның уығын қадайтын, ұрпақты ұлағатты, отансүйгіштікке баулитын құндылықтар ордасы. Сонымен бірге, дәстүрлі Ислам құндылықтарының да сабақтастығы отбасынан басталады. Осыны ескерген мешіт ұжымы отбасы күніне орай арнайы қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара аясында бас имам Бауыржан Есмахан көмекке мұқтаж жандарды отбасы күнімен құттықтап, дәстүрлі құндылықтарды сақтаудағы отбасының рөлі жайында баяндап берді.

Кезекті қайырымдылық шарасы аясында 10 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.