Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 ж. 10 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:26
Күн 05:53
Бесін 12:12
Екінті 16:23
Құптан 19:48
Жаңалықтар

"Астана" медресесінің маңы абаттандырылды (ФОТО)

16 қыр 2020 1 333 рет оқылды
"Астана" медресесінің маңы абаттандырылды (ФОТО)

14 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – жексенбі күні ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешітінің ұйытқы болуымен «Астана» медресе-колледжі мен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру мақсатында арнайы шырша ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сауапты іске Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы белсене атсалысып, мешіт пен медресе маңыны көріктендіруге өз үлестерін қосып қайтты.

#Астана медресесі