Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Қазақстан және астана митрополиті Александрмен сұхбаттасты (ФОТО)

0 1  402

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Кездесуде тараптар елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды. Дін басшылары халықты ізгілікке, адамгершілікке шақырып, елдің бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде Қазақстан және Астана митрополиті Александр Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.