Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Бір айда онлайн режимде 485 діни уағыз айтылды

0 898

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бір айда онлайн режимде 485 діни уағыз айтылды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Елімізде жұқпалы індет таралғалы бері уағыз-насихат жұмыстары да онлайн режимге көшкен болатын.

Әу баста бұл имамдарға да жамағатқа да қолайсыз көрінгенімен уақыт өте бұл бағыттың тиімділігі артып келеді. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, кешенді жұмыстың нәтижесінде тек өкілдіктерге тиесілі әлеуметтік желілерде кыркүйек айының қорытындысы бойынша 485 діни уағыз бен сұхбат жүргізіліп, барлығы 1 973 950 қаралымға ие болды.

«Күнделікті діни дәрістерден бөлек діни сұхбаттарды жүйелі түрде жүзеге асыру, оны ретке келтіру маңызды бағыттардың бірі болды. Атап айтқанда, осы жылдың қыркүйек айынан бастап, аптасына бір мәрте  еліміздегі әр өңірдің ресми парақшасынан «Уағыз-насихат» бөлімі бекітілген уақытқа сай ҚМДБ басшылық құрамынан бастап, ғұламалар кеңесі мүшелері, Нұр-Мүбәрак университеті және медресе-колледж ұстаздары, облыс және қала бас имамдары, РАНТ, ЖАНТ мүшелерінен сұхбат алу жүйелі түрде іске асып келеді» дейді Батыржан Берденұлы.

Бұдан бөлек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан бастап, наиб мүфти және бөлім басшылары мен мамандардың дәрістері, РАНТ мүшелерінің қазақ-орыс тіліндегі уағыз-насихаттары Муфтият және Хикмет студиясы ютуб арналары арқылы және инстаграм парақшаларында тікелей эфирде өтіп жүр.

Орыс тілді жамағаттың рухани қажеттіліктерін ескере отырып, орыс тілді мамандар онлайн режимде аптасына бес рет тікелей эфирде Hikmet.tv инстаграм парақшасы арқылы арнайы бекітілген оқулықтармен діни дәрістер жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.