Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тырнақ өсіру күнә ма?

0 1  064

Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тырнақ алуды тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен.

Ол туралы Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ الْخِتَانُ، وَالاِسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الإِبِطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ

«Бес нәрсе адамның болмысынан: сүндетке отыру, ұятты жерді түктен тазарту, мұртты басу, тырнақ қысқарту және қолтық түгін алу» [1] дейді.

Алайда тырнақты қырық күннен артық өсіруге болмайды. Сахаба Әнас ибн Маликтен жеткен риуаятта:

وُقِّتَ لنا في قصِّ الشَّارِبِ، وتقليمِ الأظفارِ، ونتْفِ الإبْط، وحَلْقِ العانةِ: أنْ لا تُترَكَ أكثرَ مِن أربعينَ

«Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмауға бұйырылды»[2], – деген.

«Радду әл-мұхтар» кітабында: «Ең дұрысы апта сайын тырнақты алу, мұртты қысқарту, әурет түгін қыру, денесін жуу керек. Болмаса, бұл істер он бес күнде жасалуы тиіс. Қырық күннен асыру – күнә»[3], – деген.

Осыған орай, тырнақты апта сайын алу – мұстахап. Қырық күннен асыру – харамға жақын мәкрүһ, яғни күнә болып саналады.

fatua.kz

[1] Бұхари, №5801. Муслим, №257.

[2] Муслим, №4422, 1/222.

[3] Радду әл-мухтар, 3/66.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.