23 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мәуліт айына орай ірі көлемде қайырымдылық шара өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ел мешіттерінде өтіп жатқан іс-шаралар легінің бір парасы қайырымдылық шаралары.
Игі істердің ұйытқысы болған Ғылмани мешітінде «Мәуліт берекесі» атты қайырымдылық акциясын қолға алынған еді.
Қасиетті жұма күні алдын-ала тіркелген көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына ет үлестірілді.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, шараға келушілерді мәуліт айымен құттықтады.
Мешіт ұжымының ұйтқы болуымен іс-шараға демеушілік жасап, 2 сиыр, 1 жылқы малын сойып таратқан белгілі кәсіпкер Салжанов Исламбек Төлеубайұлы.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан іс-шараға қатусушыларды мәуліт айымен құттықтай отырып, аталған игі шараға демеушілік жасаған Исламбек Салжановқа мешіт ұжымы атынан арнайы алғысын білдірді.