Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамдар үйі ашылды (фото)

0 1  052

6 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Жамбыл облысындағы жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданында бой көтерген «Имамдар үйінің» ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Имамдар үйінде» оңалту және алдын алу, қазақ тілі, бейбітшілік және келісім орталықтары, сонымен қатар дәрісхана мен кітапхана бар. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, мұнда жергілікті дүнген имамдарға қазақ тілінен сабақ беріледі. Дәріс сыныптарынан бөлек 40 адамға арналған жатын орны мен мәжіліс залы бар. Кітапханадағы кітап қоры да жеткілікті.

ҚМДБ Төрағасы салтанатты шара барысында аудан әкімімен бірге «Имамдар үйінің» лентасын қиып, нысанды аралап көрді. «Жыл басында осы өңірге арнайы келдім. Осы аралықта көптеген жұмыстар атқарылды. Міне, соның нәтижесі. Аллаға шүкір, бүгін қуанышты күн. Бұл орталықта имамдар дәріс алумен қатар, мемлекеттік тілді меңгереді. Оңалту бөлімі де бар. Жаңа нысан елдің игілігіне, бірлігіне қызмет ете берсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында сөз алған жергілікті аудан тұрғыны Дінлосар Шысыр ақсақал осы іске ұйытқы болған азаматтарға, Бас мүфтиге ризашылық білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.