Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамға құрмет көрсетілді (ФОТО)

0 947

6 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мешіт жамағаты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бұрынғы бас имамы Бауыржан Есмаханға мешіт жамағаты ризашылықтарын білдіріп, қазақы салт-дәстүр бойынша иығына шапан жапты, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен, Бауыржан Есмахан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметінен босытылып, Алматы қаласындағы «Арафат» мешітінің бас имамы және мешіт жанындағы қайырымдылық мекемесінің директоры қызметіне ауысқан болатын.

Бүгін Ғылмани мешітіне арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов тарихи мешітте жауапты қызмет атқарып, бірқатар игі істерге себепші болған Бауыржан имамға өкілдік атынан алғысын жеткізіп, қазақы дәстүрге бойынша иығына шапан жапты.

Іс-шараның басы-қасында болған мешітіміздің ақсақалдар қауымы жаңа қызметке ауысқан Бауыржан имамға ақ батасын беріп, жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге, жаңадан бас имамдық қызметке тағайындалған Хамзат Әділбековке де сәттілік тілеп, батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.