Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Абайсыздан «Әлхамдулиллаһ» деп қалдым

0 1  604

Бір ақсақал ғұлама шәкірттерімен әңгіме барысында: «30 жыл бұрын «Әлхамдулиллаһ» (Аллаға мақтау болсын) дегенім үшін 30 жыл бойы тәубе сұрап келемін» дейді.

Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді:

– Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өртеніп, иелері үлкен шығынға ұшырады. «Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты» деген хабар маған жеткенде мен оған абайсыздан «Әлхамдулиллаһ» деп қалдым. Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім. Мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады, қатты қиналдым, еңіреп тәубе еттім.

Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын деген мақсатпен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері, яғни 30 жыл бойы тәубе етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін, адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын. Топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болып қала ма деп қорқамын, – деген екен.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.