Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аяз қайта оралады: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

0 963

11 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – 12-14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, ауа райы құбылып, температура төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі. 

Болжамға сәйкес, 12 қаңтарда солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, қар жауса, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

14 қаңтарда ауа райы ашылып, температура төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ болып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауады, ауа температурасы күндіз -8…-10°C болады, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.

Алматыда 13 желтоқсанда қар жауады, ауа температурасы 0…+2°C, түнде -4…-6°C болады.

Шымкентте 12-13 желтоқсанда күн бұлтты болады, қар аралас жаңбыр жауады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.