Ислам адам баласын әділдікке, бейбітшілікке, татулыққа, ынтымымаққа, ізгілікке, татулыққа, тазалыққа үндейді. Себебі бұның барлығы адамды адами қасиеттерді дұрыс ұстанып, өздеріне және маңайындағы адамдарға зұлымдық, қастандық, арамдық жасаудан тияды. Бір ауыз сөзбен айтқанда, өркениетті қоғам құру мен Құдай сүйген істерді істеуге мүмкіндік беретін құндылықтар.
Ендеше, Ислам дінінің негізгі мақсаты құлдардың бұл дүние мен ақыретте бақытты болулары үшін келген. Кез-келеген затты жасаған зауат өзі жасап шыққан затының мүмкіндігі қаншалықты және қандай иқуаты бар, қалай қолдануға болады. Сондай-ақ, аталған затты қандай жағдайда істеуге болмайтынын, қалай қолданса істен шығатынын жақсы біледі. Олай болса, баршамызды жаратқан Алла Тағала өзінің жаратқан құлының не істесе екі дүние бақытына кенелетінін, нені жасаса өзіне және өзгеге зиянын тигізетінін жақсы білуші. Сол үшін біздерге өзінің Елшілері арқылы сүйінші мен ескертуін жібере отырып, пенделерді адамдық қасиеттерін жоғалтпай өмір сүруге тәрбиелейді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» десе, келесі бір хадисінде «Бір мұсылман өзіне қалағанды өзге дін бауырына қаламайынша , толық мұсылман болып саналмайды» – дейді. Сондықтан бұл өмірде мұсылмандар хадисте келгендей бір дене сияқты бір-бірінің мұңын бөлісіп, қуанышы мен қайғысына ортақ болса, Алланың қалағанын өзінің бойына қалыптастырған, Жаратқан иесі разы болған құлдардың қатарынан болмақ.
Әрине Алла Тағала өзінің құладрын мәжбүрлемейді әркімді өз еркіне қалдырып өмір тізгінін өз қолдарына берген. Сондықтан пенденің өмірді қалай сүруі үшін өз қалауы өзінде. Егер бір адам сауапты амал жасаса сауабын өзі алады, күнәлі іс істесе азабын да өзі көтереді. Бұны Құран Кәрімде былай баяндай: «Ешбір күнәһар басқаның күнәсін көтермейді»[1]. Ғалымдар бұл аяттың түсіндірмесінде әрбір адам өзінің күнәсімен әлек болатыны жайлы айтады.
Сол сияқты сауапты амалмен күнәлі істі жасауда әркімнің өз таңдауына қалдырғаны сияқты қай дінді таңдайтыны да әрбір құлдың қалауына қалдырылған. Біздің дініміз адамды күшпен Ислам дінін қабылдатуға жол бермермейді. Тек қана оған түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол жайлы Алла Тағала Құранда «Дінде зорлау жоқ»[2] деп түйіндейді.
Енді біз зайырлықты қалай түсініп жүрміз. Жалпы «зайырлылық» ұғымының ауқымы кең екенін ғалымдарымыздың айтқанынан түсінеміз. Бүгінгі таңда әлемдік саяси арненада қайырылылық қағидаттарының кең тараған екі типі бар. Әуелгісі – мемлекет пен дін бөлек. Екіншісі – мемлекеттің белгілі бір дінге басымдық беруі. Біздің мемлекетімізде атамзаманнан бері ұстанып келе жатқан, салт-дәстүріміз біте қайнасқан Ханафи амал мектебі мен Матуриди сенім мектебіне басымдық беріледі. Соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының кіріспе бөлімінде ханафи бағытындағы исламның «халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын» атап көрсетеді.
Зайырлылық ұғымын кейбір азаматтарымыз әлі де болса дұрыс түсіне бермейтінін байқаймыз. «Зайырлы» сөзінің мағынасы «ашық, айқын, сыртқы» деген мәндерді білдіреді. Ал, мемлекет пен дін қатынасын іреттейтін «зайырлылық» ұғымына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез-келген экстримизм түрін үзілді кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсетті.
Шындығында да зайырлылықтың мазмұнында ар мен ұждан, адамдық құндылықтар, наным-сенім бостандығын еркін пайданалу құқығы қамтылады. Демек, зайырылылық дегеніміз кейбір адамдардың түсінігіндегідей атеизм емес.
Мемлекет діннің ісіне араласпайды, дін де мемлекет ісіне араласпайды. Ендеше, зайырлылық ол атеиізім сияқты дінді жоққа шығару емес. Керісінше, әр адамның сенім бостандығын өзіне беру. Қайта әрбір азамттың дүниетанымын құптай отырып, оның наным-сенім таңдауына құрметпен қарап, қоғамдағы рухнаи алуантүрілікті мойындау деген сөз.
Серікбол Хаман
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы
[1] «Фатыр» сүресі, 18-аят.
[2] «Бақара» сүресі, 256-аят.