Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Барлық емшілерді даттауға болмайды

0 2  499

Әрине, барлық емшілерді даттауға болмайды, олардың да арасында емшілікті терең зерттеп, неше алуан шөптердің тамырлары мен жапырақтарынан тұнбалар жасап, Алланың қалауымен емдейтіндер, бұл міндетті аманат етіп алып біздің өмірімізге жеткізгендер бар.Сондай-ақ, Құран аяттарының сырларын түсініп, Пайғамбарымыз (с.а.у) үйретіп кеткендей дем салып, емдейтін де емшілер бар.

Сонымен қатар, адамдарды алдап, көзбояушылықпен емдейтіндер де кездеседі. Ондай адамдар көп жағдайда жындармен байланысы бар. Оны олар білмеуі мүмкін немесе біліп, жасыруы мүмкін. Cүлеймен пайғамбардың қиссасында келгендей Балқис патшайымның тағын кім бірінші әкеледі дегенде бір жын мен сіз орныңыздан тұрғаныңызша алып келемін деді. Енді бірі сіз көзіңізді ашып-жұмғанша алып келемін деп  айтуы жындардың Алланың қалауымен берілген аса зор жылдамдық иесі әрі құдірет иесі екенінің дәлелі. Ол жайында Құранда:

قَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا۟ أَيُّكُمْ يَأْتِينِى بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَن يَأْتُونِى مُسْلِمِينَ  ﴿  ٣٨  ﴾   قَالَ عِفْرِيتٌۭ مِّنَ ٱلْجِنِّ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِكَ ۖ وَإِنِّى عَلَيْهِ لَقَوِىٌّ أَمِينٌۭ   ﴿  ٣٩  ﴾   قَالَ ٱلَّذِى عِندَهُۥ عِلْمٌۭ مِّنَ ٱلْكِتَـٰبِ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَءَاهُ مُسْتَقِرًّا عِندَهُۥ قَالَ هَـٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّى لِيَبْلُوَنِىٓ ءَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَن شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّى غَنِىٌّۭ كَرِيمٌۭ   ﴿  ٤٠  ﴾

«Әй, қауым! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тағын маған қайсың әкелесіңдер?»,- деді.(39) Жындардан бір ғыприт: “Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін», деді.(40) Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де: “Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін” деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: “Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес), өте жомарт»[1].

Олар, яғни жындар үшін мыңдаған шақырым жерге барып қайту бір мезеттің ісі. Қазіргі кездегі кейбір көріпкелдердің өзіне келген адамдар жайында толық мәлімет білуі осы жындардың көмегі арқылы жүзеге асады. Ол көріпкел жын кірген адам ішінен сезеді, екінші бір күштің оған сыбырлап айтып жатқанын, алайда ол өзінше жорамалдайды. Өзінің бойында керемет қасиет пайда болғандай сезінеді, бұл сыбырлап жатқан менің аталарым ба деген ой келеді!…. Сөйтіп, ол өзін көріпкел, балшымын деп жариялайды. Құран кәрімде Нас сүресінде ол жайында:

مِن شَرِّ ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ   ﴿  ٤  ﴾   ٱلَّذِى يُوَسْوِسُ فِى صُدُورِ ٱلنَّاسِ ﴿٥﴾   مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ

 «Сыбырлап азғырушының оооо кесірінен, Сондай адамдардың көкейлеріне салатын; «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де»[2].

Көріпкел, балгерге келетін болсақ, бір-біріне жақын синонимдес ұғымдар, екеуі де болашақты болжайды. Бұл жерде ескерте кететін жайт, кейбір атақты жырау билеріміздің мысалға айтқанда Мөңке би, Майқы би, Бұқар жырау бұлардың болашақ жайында айтқан жорамалдары Құран аяттарымен, Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистерімен сабақтасып келген. Көріпкелдер көп жағдайда ешбір құралдың көмегінсіз болжауларын жасайды, ал балшы болса, карт, құмалақ, ай-жұлдыздарға қарап, тіпті кофенің көпіршігімен де ашады.

Кей кезде балгерлердің айтқанының дәл келуін олардың жындармен байланыста болғанымен түсіндіруге болады. Жындар көбінесе рухани төмен тәні лас адамдарға кіреді. Көп жағдайда кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдап‑арбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Көбіне біз мұндай жандарды балшы, бақсы, тәуіп деп те айтамыз. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Ал жындардың көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасауы жайында Құранда:

وَأَنَّا لَمَسْنَا ٱلسَّمَآءَ فَوَجَدْنَـٰهَا مُلِئَتْ حَرَسًۭا شَدِيدًۭا وَشُهُبًۭا   ﴿  ٨  ﴾  وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَـٰعِدَ لِلسَّمْعِ  فَمَن يَسْتَمِعِ ٱلْءَانَ يَجِدْ لَهُۥ شِهَابًۭا رَّصَدًۭا   ﴿  ٩  ﴾   وَأَنَّا لَا نَدْرِىٓ أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَن فِى ٱلْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًۭا   ﴿  ١٠  ﴾

«Әрине, көкке қарманғанымызда оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық, Әлбетте, тыңдау үшін аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді. “Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға Раббылары жақсылық қалауда ма?» [3].

Көріпкел, балшыларға барудың шариғаттағы үкімі: Егер олар ғайыпты білеміз дейтін болса, олардың үкімі күпір және адасу болады. Имам Муслим өзінің сахихында Пайғамбарымызың (с.а.у) былай дегенін риуаят етті:

مَنْ أَتَى عَرّافاً فَسَألَه ُعَنْ شَيْءٍ لَمْ تُقبَلْ لَه ُصَلاةُ أَرْبَعينَ يَوْماً

«Кімде-кім көріпкелге барып одан бір нәрсе жайында сұраса оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді»[4].

Абу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) :

من أتى كاهناً فصدّقه بما يقول فقد كفر بما أُنزل على محمد

«Кім-де кім көріпкелге барса және оның айтқанын растаса, ақиқатында Мұхаммедке  түсірілген нәрсеге кәпір болды»[5], – деді.

Имран ибн Хусейннен (оған Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз  (с.а.у) былай деді:

ليس منّا من تطيّر أو تُطيّر له، أو تكهّن أو تُكهِّن له, أو سحر أو سُحر له, ومن أتى كاهناً فصدّقه بما يقول فقد كفر بما أُنزل على محمد

«Кім-де кім құс ұшырса немесе ол үшін құс ұшырылса, немесе бал ашса немесе ол үшін бал аштырылса, немесе сиқыр қылса немесе ол үшін сиқырлық қылынса ол бізден емес және кім балгерге барса және оның айтқанын растаса ақиқатында Мұхаммедке  түсірілгенге кәпір болды»[6], – деді.

Бұл хадистерде көріпкелдерге, балгерлерге, сиқыршыларға және басқа да соларға ұқсастарға бару және олардың айтқандарына сену күпірлікке апаратын амалдардан.

Алла  тағала  Бақара сүресінде:

وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنْ أَحَدٍ حَتَّى يَقُولاَ إِنَّمَا نَحْنُ فِتْنَةٌ فَلاَ تَكْفُرْ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنْهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِ بَيْنَ الْمَرْءِ وَزَوْجِهِ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِ مِنْ أَحَدٍ إِلاَّ بِإِذْنِ اللّهِ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَلَقَدْ عَلِمُواْ لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاَقٍ وَلَبِئْسَ مَا شَرَوْاْ بِهِ أَنفُسَهُمْ لَوْ كَانُواْ يَعْلَمُونَ

«Ол екі періште: “Біз сынақ үшін келдік, кәпір болмаңдар”-деп айтпайынша ешкімге (сиқырды) үйретпеген. Сонда да олар (яһудйилер) екеуінен ер- әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар Алланың бұйрығынсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақыретте несібе жоқтығын білді. Олар өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді», – деді[7].

Жоғарыда келтірілген айқын дәлелдерден ой түйсек, барлық емшілердің әрекетін харамға шығаруға болмайды. Олардың арасында шариғат шеңберінен шықпай, адамдардың игілігі жолында Алланың мейірімін үміт етіп, сауапты амалдар жасайтындар бар. Ал нақтылы ақ жол, ақ орда ата жолына келер болсақ, біздің ата-бабаларымыз ешуақытта аруақтарға табынбаған, олардан жәрдем сұрамаған. Мұның Алла алдында үлкен күнә екенін білген. Алла тағала Құран кәрімде:

إنَّ اللَّهَ لَا يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَن يَشَاءُ ۚ وَمَن يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَىٰ إِثْمًا عَظِيمًا

«Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды»[8].

Аятта байқағанымыздай Алла тағала егер қаласа барлық күнәларды кешіреді, тек серік қосу бұл шеңберге кірмейді. Ия ол емшілер, бақсыларға барғаннан кейін адам өзін жақсы сезінуі мүмкін, тіпті Алланың қалауымен емделуі де мүмкін. Сіз сол емделген көзіңізбен, аяғыңызбен бір жыл жүрерсіз, бес жыл жүрерсіз, он жыл жүрерсіз, бірақ сіз сол қысқа мерзімдегі саулыққа бола Алланың кешірмес үлкен күнәсіне батып жатырсыз. Алланың мәңгі азабына өзіңіз барып кірудесіз. Аңқау елге арамза молда демекші аталмыш ағым өкілдері елді жалған жолмен қорқытып-үркітіп өздеріне тартуда. Ондағы мақсат пайда көзі,  ешбір қиналып тер төкпестен ақшаның құйылуына жол ашу. Сол себепті бұл ағым еліміздегі ең қатерлі ағымдар қатарына кіреді.

Хамзат Әділбеков

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы

[1] Нәмл сүресі 38-40 аяттар

[2] Нас сүресі

[3] Жын сүресі, 8-10 аяттар

[4] Муслим хадистер жинағында

[5] Абу Даудтің хадистер жинағында келген

[6] Бәззәз хадистер жинағында жаксы тізбекпен келген

[7] Бақара сүресі, 102-аят

[8] Нисә сүресі 48-аят.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.