Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үстел теннисінен жарыс өтті (ФОТО)

0 1  219

9 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Діни қызметкерлер арасында тұңғыш рет үстел теннисінен жарыс өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және елордалық мешіт, медресе қызметкерлері қатысты.

Салауатты өмір салтына құштар діни қызметкерлер белсенділік танытуының арқасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанына қарамастан сайыс өте тартысты, қызықты өтті.

Сайыс нәтижесінде І орынды «Райса Ана» мешітінің наиб имамы Елімай Ұтысхан, ІІ орынды «Райса Ана» мешітінің қызметкері Аманкелді Жасұлан, ІІІ орынды ҚМДБ Пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов иеленді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.